2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Федерацияның баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.
Данияр Қайсанов 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. 2019 жылы ол әлем біріншілігінде үшінші орынды иеленді.
2020 жылғы Токио (Жапония) Олимпиадасында Қайсанов жүлдеге бір қадам жетпей, қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды. Сондай-ақ оның еншісінде Азия чемпионатының екі алтын медалі бар.
Еркін күрестен ұлттық құраманың алдағы оқу-жаттығу жиыны ақпан айының алғашқы жартысында Алматы облысында өтеді. Жиын барысында бапкерлер штабының толық құрамы ресми түрде таныстырылады.