7 ақпанда Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастайды. Отандастарымыз шаңғы жарысы мен конькимен жүгіруден ел намысын қорғайды.
Ulyssport спортшыларымыздың жарыс кестесін ұсынады.
Спорт түрі: Шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина
Басталу уақыты: 17:00
Спорт түрі: Конькимен жүгіру, 3000 метр (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева
Басталу уақыты: 20:00
Еске салайық, 7 ақпанға қараған түні Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.