Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына Нора Джеруто көтерілді. Ол 3000 метрге жүгіру сайысында үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстандық спортшы 8:46.87 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Нозоми Танака (8:48.22), ал үшінші орынды қытайлық Ло Ся (9:16.18) иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 1 500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болған. Ал Алина Чистякова бессайыста алтын медаль жеңіп алды.