Бүгін Түркияның Анталья қаласында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 2 алтын жүлдеге қол жеткізді. Спорттық жүрістен марафон дисциплинасында Галина Якушева, ал жартылай марафон бағдарламасында Кристина Морозова мәреге бірінші жетті.
Айта кетейік, бұл жарыс Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының (World Athletics) "күміс туры" санатына кіреді.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, бұған дейін жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальге қол жеткізген еді.