7 тамыздан 8 тамызға қараған түні Астана уақытымен сағат 01:51-де 80 келі салмақтағы Нұрбек Оралбай Украинаның былғары қолғап шебері Александр Хижнякпен Олимпиаданың алтын медалі үшін жекпе-жекке шығады, деп хабарлады Ulysmedia.kz
БОКСШЫЛАРДЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҚЫЗУ ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Қазір бокс сүйер қауым 24 жастағы Нұрбек Оралбай мен 29 жастағы украиналық спортшының жекпе-жегін қызу талқылап жатыр.
Еске сала кетсек, Хижняк Токио Олимпиадасында да финалға жетіп, чемпиондық атаққа бір қадам қалғанда бразилиялық Эберту де Консейсаодан нокаутпен жеңілген еді. Сондықтан украин боксшысы биылғы финалда барын салатыны сөзсіз. Дегенмен Украина елінің жанкүйерлері әліптің артын бағып, Хижняк үшін алаңдап жатқанын жасырмайды. ғ
ОРАЛБАЙМЕН БОКСТАСУ ҚИЫН БОЛАДЫ
Украинаның Tribuna, Sport.ua сайттары мен олардың Instagram-дағы парақшаларында жарияланған комментарийлерге қарағанда, Нұрбек Оралбаймен айқас оңай болмайды. Комментарийдің бірінде украин жанкүйері: «Оралбай мықты. Қазақ боксының бұрыннан қалыптасқан мектебі бар. Сондықтан Хижнякқа Оралбаймен бокстасу қиын болады», деген.
Қазақ жанкүйерлері де әлеуметтік желіде Нұрбек Оралбайға да оңай болмайтынын айтуда.
Нұрбек Оралбай мен Александр Хижняк былтыр алғаш рет Мажарстанның Bocskai István Memorial турнирінде шаршы алаңға шыққа болатын. Сол кезде төрешілер шешімімен украиналық боксшысы жеңіске жеткен еді.
ФИНАЛҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛАМЫЗ
Ал бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Нұрбек Оралбайдың жартылай финалдағы жекпе-жегіне оң баға беріп, финалдағы қарсыласына қарсы тыңғылықты дайындалатынын айтты.