Стенд атудан жарыста жүлдеден құр алақан қалдық

Дастан Кенжалин

Францияның Париж қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиялық ойындарда стенд атудан аралас командалық жарыста Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко финалға шыға алмады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті

Іріктеуде Ещенко мен Орынбай жұбы 140 ұпаймен 12-орын алды. Ал финалға үздік төрт команда шықты.

ӘСЕМ ОРЫНБАЙ ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ

Сонымен бірге Әсем Орынбай скит бағдарламасында 116 ұпай жинап, 18-орынға орналасты.  Ал финалдық кезеңге алғашқы алтылыққа енген спортшылар шықты.  Осылайша, ол Париж Олимпиадасының финалынан сырт қалды. 

Париждегі Олимпиялық ойындарда тапаншамен 25 метрге атудан өткен іріктеу жарысында Никита Чирюкин ел намысын қорғаған. Алайда, ол 583 ұпаймен 10-орын алды. Финалға алты спортшы шықты.

Бүгін грек-рим күресінен 130 келі салмақта кіленмге шыққан Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Давид Ефремов Олимпиаданың іріктеу сынына қатысты. Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өз тобында жетінші орынға ие болды. Ол жартылай финалға шыға алған жоқ. Енді ол жұбаныш айналымында бақ сынап көреді.

КЕНИЯДАН КЕЛГЕН НОРА ДЖЕРУТО ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ

Осы күндері 200 метрге жүгіруден іріктеу сыны болып жатыр. Бұл бәсекеде Ольга Сафронова жарыс жолына шықты. Сафронова өз тобында мәреге жетінші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші - 23.58 секунд. Жартылай финалға әр топта бірінші орын алған спортшылар шықты.

Ольга Сафронованың әлі де мүмкіндігі бар. Ол жұбаныш айналымында сынға түседі. Ал Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды.

Кеше ол финалға жолдама алды. Ол өз тобында мәреге бесінші болып келді. Джерутоның уақыт көрсеткіші – 9:16.46. Өкінішке қарай, осы қашықтықта бақ сынаған Дейзи Джемпекей финалдан сырт қалды. Ол өз тобында мәре сызығын оныншы болып кесті. Джемпекейдің уақыт көрсеткіші – 9:24.69.