Юрий Мельниченко: Айдос балуанға тән барлық қасиетті көрсетті

Редакция Ulyssport

Грек-рим күресінен бас бапкеріміз жарысты қорытындылады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

«Айдос алғашқы белдесуінде қарсыласына есе жіберсе де, оны мақтан тұтамын. Себебі, ол балуанға тән батырлық, ептілік, мінез, қасиетті көрсете білді. Бірақ күрестің басындағы ұпайдың саналмауы белдесу барысына өз әсерін тигізді. Алайда Жоламанның бұл салмақта әлемде ең мықты балуан екенін де ескерген жөн. Оның финалға қиналмай шығатынына сенімдіміз». 

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали алғашқы айналымда 2 дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековтан 3:6 есебімен жеңілді. 

Егер қырғыз балуаны финалға жетсе, жерлесіміз қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алады.  

Бұдан бөлек, 130 келідегі Әлімхан Сыздықов та 1/4 финалда Әзербайжан өкілінен есе жіберген болатын.