Уимблдонда Путинцеваны тоқтатқан кім?

Ерик Ильясов

Бүгін Лондонда Уимблдон турнирінің төртінші айналым матчтары өтіп жатыр. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды ulyssport.kz

Үшінші раундта турнир сенсациясын жасаған отандасымыз Юлия Путинцева Латвия теннисшісі Алена Остапенкоға қарсы ойнаған еді. Алайда  2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Матч 1 сағат 8 минутқа созылды. Путинцева – Остапенко кездесуінің алдында басқа бір жерлесіміз Елена Рыбакина қарсыласы Анна Калинскаяны (Ресей) 6:3, 3:0 есебімен жеңіп, келесі айналымға жолдама алды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы Елина Свитолина (Украина).