Бүгін каноэде ескек есуден алғашқы жарыс күні басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Каноэде 500 метрге ескек есуде Париж Олимпиадасының іріктеуінде Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұбы өз тобында 5-орын алды. Олардың уақыт көрсеткіші - 2:00.05 секунд.
Енді еліміздің әйелдер құрамасы ширек финалда тағы жарысады.
Мария мен Руфина үшін бұл алғашқы Олимпиада. Олар лицензияны cәуір айында Токиода (Жапония) өткен Азия чемпионатында алған.