Грек-рим күресінен екінші жарыс күні басталды, деп хабарлады Ulyssport.kz.
Грек-рим күресінен 77 келідегі ұлттық құраманың тәжірбиелі балуаны Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде Хаир Алексис Куэроны (Колумбия) 9:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Қарсылас өз шағымын білдіргенімен, төрешілер тарапы оның талабын қанағаттандырмады.
Енді отандасымыз ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмудовпен (Қырғызстан) белдеседі.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев 2017 жылы Париж төрінде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.