Құзға өрмелеу: Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын жаңартты

Редакция Ulyssport

Құзға өрмелеуден жарыс басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Париж Олимпиадасында құзға өрмелеуден «жылдамдық» сайысы бойынша ел намысын қорғайтын Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде 4,89 уақыт нәтижесін тіркеп, Олимпиада рекордын жаңартты. 

Бұл бәсекеде 14 спортшы жүлдеге таласатын болады.