Назым Қызайбай: Жеңіске деген құлшынысым кедергі болды

Редакция Ulyssport

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай жарысты қорытындылады, деп хабарлады Ulyssport.kz

Тұрар Қазанғапов

“Ойдағыдай болмады. Ұту үшін барымды салдым. Бірақ Қытай боксшысы алдап кетті. Кішкене орында тұрып, қажетсіз соққыларды өткізіп алдым. Жеңіске деген құлшынысым кедергі болды. Өйткені, ондай сәтте ақылдасып жұдырықтасу екінші кезекке қалып қояды. Чемпион болғым-ақ келді. Әттеген-айы, қола жүлдеге де шүкір етуге тура келеді”.

Айта кетейік, 50 келіде сынға түскен Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында 3 жекпе-жекте қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалда басты фаворит саналған Ю Вудан (Қытай) есе жіберді.

Жалпы бұл додада елімізден бірінші рет 3 боксшы аруымыз жүлдеге таласты.