Таеквондодан Олимпиадада сынға түскен алғашқы спортшымыз есе жіберді, деп хабарлайды Ulyssport.kz
58 келіде ел намысын қорғаған Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда Токио Олимпиадасының чемпионы Вито Делль'аквиладан (Италия) аса шиеленісті өткен айқаста 1:2 есебімен жеңілді.
«Бұған дейін де осы спортшымен жарыста кездесіп, соңғы секундтарда жеңілген едім. Сол сәтте қалай да есемді қайтарамын деп сенгенмін. Бүгін кездесуіміз мен үшін сәтті басталып, алда тұр едім. Өкінішке қарай, соңғы секундтарда қателік жібердім. Енді барлығын жарыс көрсете жатар», — деді Самирхон Абабакиров.
Енді Италия өкілі финалға шықса, Самирхон қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алады.