Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының жеңімпазы анықталды, деп хабарлады Ulyssport.kz
Грек-рим күресінен 77 келідегі ұлттық құраманың мүшесі Демеу Жадыраев Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді,
Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Нао Кусакамен күресіп, 2:5 есебімен есе жіберді.
Алматы облысының спортшысы бұған дейін Токио Олимпиадасында бақ сынап, алғашқы айналымда Сёхэй Ябикудан (Жапониядан) есе жіберген.
Бір ерекшелігі – Демеу Жадыраев Токио Олимпиадасынан кейінгі 2023 жылғы Азия чемпионаты мен Әлем чемпионатында да жүлдеге бір қадам жетпей, 5-орынға табан тіреген.
ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВТЫҢ ФИНАЛҒА ДЕЙІНГІ ҚАРСЫЛАСТАРЫ:
1/8 финал. Хаир Алексис Куэро (Болгария) 9:0
1/4 финал. Ақжол Махмұдов (Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы) 3:1
1/2 финал. Санан Сүлейманов (Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері) 6:1
Финал. Нао Кусака (2024 жылғы Азия чемпионы, былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) 2:5
Тәуелсіздіктен бері бұл салмақта бұған дейін Олимпиаданың финалында бірде-бір балуан күреспеген.