Нұрбек Оралбай - Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

Редакция Ulyssport

Бокстан 80 келіде Париж Олимпиадасының чемпионы анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Бокстан 80 келі салмақта Париж Олимпиадасының финалында қос әлем чемпионы кездесіп, 3:2 есебімен Александр Хижняктың пайдасына шешілді,

Нұрбек Оралбай бұған дейін 2023 жылы әлем чемпионы атанса, Александр Хижняк (Украина) 2016 жылдан бері 91 жеңіске жетіп, тек Токио Олимпиадасының финалында ғана есе жіберген еді.

Нұрбек осыған дейін Париж шаршы алаңындарында Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы), Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзірбайжан), Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия), басым түскен.

ОСЫ САЛМАҚТА БҰҒАН ДЕЙІН КІМДЕР ЖҮЛДЕ АЛҒАН? 

2016 жыл. Рио Олимпиадасы. 

2-орын. Әділбек Ниязымбетов

2012 жыл. Лондон Олимпиадасы. 

2-орын. Әділбек Ниязымбетов

2008 жыл. Бейжің Олимпиадасы 

3-орын. Еркебұлан Шынәлиев

1996 жыл. Атланта Олимпиадасы 

1-орын. Василий Жиров

Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы 7 салмақта да спортшыларын сайысқа қосқанымен, тек Нұрбек Оралбай ғана жүлдегерлердің қатарына кіре алды.

Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры