Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов финалдық айқасты қорытындылады, деп хабарлайды Ulyssport.kz
«Әлемнің ең мықты боксшының бірі саналатын Александр Хижняк бұған дейін де еліміздегі біршама спортшылармен жұдырықтасқан. Осы жарыста да 2 дүркін Олимпиада чемпионы Арлен Лопестен басым түсті. 2 күн бойы жақсы дайындалдық. Алайда кейбір жерлерде біз ойлағандай болмады. Бірақ жалпы тапсырманы дұрыс орындап, 3 раунд жақсы өнер көрсетті. Хижняктың бағы бар екен. Бүгін Олимпиада чемпионы деген арманына қол жеткізді. Жекпе-жек тартысты өтті. Тек біз ғана емес, шетелдік жаттықтырушылар да жақсы баға берді.»
Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы тек 1 күміс қана иеленіп, антирекорд орнатты.
Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры