Құзға өрмелеу: Әмір Маймұратов ширек финалда қателік жіберді

Редакция Ulyssport

Құзға өрмелеуден Париж Олимпиадасының плей-офф кезеңі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

Отандасымыз Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама ала алмады. 

Отандасымыз ширек финалда осы жылдам өрмелеуден әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы Реза Әлипурға жол берді.
Әмірдің уақыт көрсеткіші - 6.14 секунд.

Айта кетейік, 6 тамыз күні жерлесіміз 4,89 уақыт көрсеткішімен Олимпиада рекордын жаңартқан болатын.