Күміс жүлдегер Нұрбек Оралбай Олимпиада чемпионынан да көп сыйақы алады

Редакция Ulyssport

Бүгін түнде бокстан Париж Олимпиадасының финалында 80 келідегі Нұрбек Оралбай Украина өкілі Александр Хижнякка есе жіберді, деп хабарлады Ulyssport.kz

Ашық дереккөз

Енді қос спортшының Олимпиададағы жетістігі үшін сыйақысын есептеп көрсек:

Нұрбек Оралбай:

- Париж Олимпиадасының алдында тек IBA (Халықаралық бокс федерациясы) мен IAAF (Халықаралық әуесқой жеңіл атлетика  федерациясы) ғана жүлдеге іліккен спортшыларға арнайы сыйақы беретіндігін мәлімдеген еді. Осы дерекке сенсек, күміс жүлде алған үшін IBA Нұрбек Оралбай мен жеке бапкері 25 мың АҚШ доллар береді. 

- Сәуір айында Қазақстан бокс федерациясы да Париж Олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттайтындығын мәлімдеген еді.  Енді Нұрбек Оралбай күміс жүлде алғаны үшін федерация тарапынан 120 мың АҚШ доллар алады. 

- Мемлекет тарапынан заңда көрсетілгендей, Нұрбек Оралбай 150 мың АҚШ доллары мен 2 бөлмелі пәтерге ие болады.

Александр Хижняк:

- Париж Олимпиадасында жарқын боксымен көпшілікті сүйсінткен Украина боксшысы Александр Хижняк  алтын жүлде үшін мемлекет тарапынан 125 мың АҚШ долларын алады.

- Бұдан бөлек, кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Александр Усик те Олимпиада чемпионына 80 мың АҚШ долларын сыйлауға уәде берген.

-  Украина тарапы IBA ұйымдастырған 2021 және 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартқан. Сондықтан Александр Хижняк IBA тарапынан сыйақы алмайды.