Әлия Юсупова: Төрешілер ұршық жаттығуын төмен бағалады

Редакция Ulyssport

Көркем гимнастикадан бас бапкер Әлия Юсупова Париж Олимпиадасын қорытындылады, деп хабарлайды Ulyssport.kz
 

Сали Сабиров

Ұлттық құрама спортшысы Елжана Таниева 126.600 ұпай жинап, жалпы есепте қазір 13-орын алды. Өкінішке қарай, биыл Азия чемпионы атанған Елжана финалға шыққан 10 гимнастың қатарынан шығып қалды.

Елжана Таниеваның көрсеткіші:
Лента - 31.450 балл
Ұршық - 32.300 балл
Доп - 32.000 балл
Шығыршық - 30.850 балл

Ертең таңдаулы 10 гимнаст Париждегі ойындардың медалін өзара сарапқа салады.

«Елжана жақсы өнер көрсетті. Бірақ төрешілер ұршық жаттығуын төмен бағалап, аз ұпай берді. Шағымымды білдірдім. Бірақ қанағаттандырылмады. Доп жаттығуында қателік болғанымен, төрешілер 32 ұпай берді. Ал ұршық жаттығуында қателеспесек те, доптың ұпайымен шамалас болды. Өте төмен. 

Одан кейін тағы бір айтатын жайт, біздің лентамызда Road to Paris деген сөз болғаны үшін, төрешілер өткізбеді. Салдарынан Италия спортышысының лентасымен өнер көрсеттік. Әр спортшы үйреншікті затымен ғана жаттығу жасағандықтан, ол да әсерін тигізеді. 

Париж Олимпиадасына көп спортшылар алғаш рет қатысып жатыр. Сондықтан қобалжу, қателіктер болады».