Елена Потапенко: Семсерлесуде күткендегідей нәтиже болмады

Редакция Ulyssport

Қазіргі бессайыстан жарыс басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
 

Владислав Семенов

Бүгін семсерлесу сайысы бойынша отандасымыз Елена Потапенко 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады. Бұл сайыста спортшымыз 15 рет қарсыласынан басым түсті.

Ертең қазақстандық спортшы жартылай финалда А тобында өнер көрсетеді. Олар 200 метрге еркін әдіспен жүзуде кім мықтыны анықтайды. Үшінші жарыс - конкур. Шешуші жарыста атлеттер жүгіру кезінде лазерлі тапаншамен нысана көздейді.

Ал ерлер сайысында Георгий Борода-Дудочкин алғашқы кезең семсерлесуде 10 жеңіске жетіп (25 рет жеңіліп), 170 ұпай жинады. Қазір ол 35-орында тұр.

«Семсерлесуде күткендегідей нәтиже болмады. Сайысты 27-орынмен ғана аяқтадым. Көшбасшылардан ұпайым алшақ. Жарыс алаңындағы көрермендердің санының көптігі де рөл ойнады. Бұндай атмосфераға үйренбегенмін. Қазіргі бессайыстың ішіндегі ең ұнайтыны әрі мықты тұсым семсерлесу еді. Алайда бүгін олай болмай шықты. 

Токиомен салыстырғанда Париж Олимпиадасының климаты қолайлы. Аздап жел бар. Ол нысана көздеуге әсерін тигізеді. Бірақ ауа-райы жақсы».

Айта кетейік, спорттың бұл түрінде барлығы 72 спортшы (36 еркек, 36 әйел) жүлдеге таласады.