Жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Уимблдон турнирінің екінші айналымында Әмір Омарханов үш сетте жеңіске жетті, деп хабарлайды ulyssport.kz
Қарағанды мектебінің түлегі Омарханов жекелей сында Ұлыбритания теннисшісі Люк Хуперге қарсы ойнады. Жалпы есеп 6:4, 5:7, 6:3. Осыған дейін отандасымыз Бразилия спортшысын ұтқан еді. Енді үшінші айналымдағы кездесуін жарыстың бірінші нөмірлі теннисшісі Кайлан Бигунмен өткізеді.
Тағы бір жасөспірім теннисшіміз Соня Жиенбаева бүгін екінші айналымдық матчын жалғастырады. Жаңбырға байланыста тоқтатылған кездесудің бірінші сетінде жапон қызы Койкені 6:3 есебімен ұтып, әзірге алда келе жатыр.