Нұрсұлтан Мамаев: Таеквондода сәтсіздік болды

Редакция Ulyssport

Таеквондодан ұлттық құраманың бас бапкері Париж Олимпиадасы бойынша өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

«Самирхон Абабакировта жүлде алу міндеті тұрды. Бірақ бірінші кездесуінде Токио Олимпиадасының чемпионы, Әлем чемпионы, кейінгі жарыстардың барлығында топ жарған Италия спортшысынан есе жіберді. Самирхонды жеңілді деп айта алмаймын. Тек сәтсіздік болды. Тәжірибе жетіспейді деп айта алмаймын. Өйткені ол өте тәжірибелі, психологиялық жағынан тұрақты. Бұйырса, келесі Олимпиадада 68 келіге дайындайтын боламыз.  Ал Батырбек үлкен деңгейлі жарысқа бірінші рет шықты. Бірақ бұл сылтау емес. Барлығын кейінірек сараптап, қай жерден қате кеткенін анықтаймыз».

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында бақ сынаған Самирхон Абабакиров (58 келі) пен Батырхан Төлеуғали (80 келі) Италия спортшыларына жол берді.