Қазіргі бессайыс: Георгий Борода-Дудочкин Олимпиаданы аяқтады

Редакция Ulyssport

Қазіргі бессайыстан жартылай финалдық бәсекелер өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Владислав Семенов

Отандасымыз Георгий Борода-Дудочкин А тобының жартылай финалында сынға түсіп, 1452 ұпай жинады. Өкінішке қарай, қазақстандық топта үздік 9 атлеттің қатарына кіре алмай, финалға шықпады. 

Ұлттық құрама спортшысы конкурда 300 ұпай жинап, 5-орыннан көрінді. Сондай-ақ бүгін семсерлесуден бонус-ранудта сынға түсіп, бұл спорттағы жалпы ұпай санын 177-ге жеткізді. 

Осыдан кейінгі 200 метрге еркін әдіспен жүзуде 294 ұпайға қол жеткізді. Шешуші сын жүгіріп, нысана көздеуде 681 ұпай жинады.

“Шынымды айтсам, өзімнен төмен нәтиже күткенмін. Бірақ ойымдағыдан қарағанда көрсеткішім жақсы болды. Неге? Себебі, қанша әлем чемпионаты. әлемдік кезеңдерге қатыссам да, Олимпиададағыдай эмоция сезілмейді. Ең қиыны – жанкүйерлер толы трибунаның алдында өнер көрсету. Кеше семсерлесудің қорытындысы нашар болып, 27-орынға тұрақтаған едім. Бүгін өзіме ұнай бермейтін әрі қиын конкур сайысында тым болмағанда 1-2 қарсыласымнан басып озуды көздедім. Нәтижесі – 16-орын. Барлығы алда!”