Көркем гимнастика: Олимпиада алтыны алғаш рет Германияға бұйырды

Редакция Ulyssport

Көркем гимнастикадан жеке сайыс бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

24 спортшының қатысуымен өткен көркем гимнастикадан көпсайыста Германия намысын қорғаған Дарья Варфоломеев топ жарды.

1-орын. Дарья Варфоломеев – 142.850 ұпай

2-орын. Боряна Калейн (Болгария)  – 140.600 ұпай

3-орын. София Раффаэли (Италия) – 136.300 ұпай

1984 жылдан бастау алған бұл спорт түрінде бұған дейін тек 1 ғана қола жүлде алған еді. Енді міне бірінші рет бұл елге алтын жүлде бұйырды. 

Осы жаттығу бойынша көбінесе Ресей мен Беларусь спортшылары үнемі жүлде тұғырынан көрінетін. Алайда санкцияға байланысты бұл елдің өкілдері қатыстырылмады. Алайда Германиядан қатысқан Дарья Вармоломеев 2006 жылы Ресейдің Барнаул қаласында дүниеге келіп, тек 2019 жылы Германияға ауысқан. Спортшыны Беларусь маманы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Юлия Раскина баптады. Германия атынан сынға түскеннің арқасында Дарья 6 дүркін Әлем чемпионы, 2 дүркін Еуропа чемпионы және бірінші рет Олимпиада чемпионы атағына қол жеткізді.