Жеңіл атлетика: Дейзи Джепкемей финалдық сайысты аяқтады

Редакция Ulyssport

Жеңіл атлетикадан 10 000 метр қашықтыққа жүгіру сайысының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

Кениядан ауысып келген легионер спортшы Дейзи Джепкемей 10 шақырымға жүгірудің финалында 17-ші орынға тұрақтады.

Оның уақыт көрсеткіші - 31 минут, 26.6 секунд. Айта кетейік, Дейзидің осы қашықтықтағы ең жақсы нәтижесі 30:52.43 секунд.

Мұнда Парижде 5 мың метрге жүгіруде топ жарған Беатрис Чебет (Кения) алтыннан алқа тақты. Күміс Еуропа чемпионы Надя Баттоклеттидің (Италия) еншісінде. Үздік үштікті Токио Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы Сифан Хассан (Нидерланд) түйіндеді.

Барлығы финада 25 атлет жарыс жолына шығып, үшеуі мәреге жете алған жоқ.