Уимблдон-2022 чемпионы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жылдың үшінші "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ulyssport.kz
Көгалда өтШирек финалда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Элина Свитолинаны (Украина) екі сетте ұтты. Есеп 6:3, 6:2.
Финалға жолдама алу үшін жекелей сында Ролан Гаррос жеңімпазы, жұптық сында Токио Олимпиадасының алтын медаль иегері чех теннисшісі Барбора Крейчиковамен бақ сынасады. Крейчикова ширек финалда Латвия спортшысы Алена Остпенкодан басым түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина бүгінгі қарсыласы Элина Свитолинадан Токио Олимпиадасының қола медальдік кездесуінде жеңілген еді.