Брейкинг: Әмір Закиров алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Редакция Ulyssport

Олимпиада бағдарламасына енген жаңа спорт түрінен жарыс басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында брейкингтен ерлер арасында топтық кезең өтіп жатыр. Отандасымыз Әмір Закиров D тобындағы екінші батлында Billy-ді (Марокко) айқын басымдықпен жеңді.

Раундтар бойынша есеп: 2-0 (7-2, 8-1)

Бұған дейін отандасымыз алғашқы батлында Menno-дан (Нидерланд) 0-2 (1-17) есебімен есе жіберген болатын.

Енді біздің B-boy D тобында Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен белгілі бишімен шеберлік байқасады.