Бокс: Назым Қызайбайды Алматы әуежайынан күтіп алды

Редакция Ulyssport

Париж Олимпиадасының қатысушылары елге оралып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Сали Сабиров

Түнгі 03:40-та Алматы қаласының әуежайына бокстан Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай  ұшып келді. Алматылықтар спортшыны салтанатты түрде күтіп алды.

«Жанкүйерлерге мың алғыс! Қолдаулары сезіліп жатыр. Тек Қазақстанда ғана емес, Италиядағы туыстарым да қолдау көрсетті. Үйімнің, анамның тағамдарын сағындым. Енді 1-2 аптадай демалып, бапкеріммен алдағы уақытта жоспар түзетін боламыз. Қазақстанда әзірше 3 дүркін әлем чемпионы жоқ. Міне осы мақсат үшін тырысып, арманыма қол жеткіземін деп сенемін. 

Айта кетейік, 50 келіде сынға түскен Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына дейін жетіп, қола жүлдеге ие болды.