Нұрбек Оралбай: Чемпион атану үшін барымды саламын

Редакция Ulyssport

Бүгін бокстан ерлер бәсекесінде күміс жүлде иеленген Нұрбек Оралбайды салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Закон.кз

Бүгін Астана халықаралық әуежайынан 80 келі салмақта 2023 жылғы Әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды туған-туыстары, дос-жарандары күтіп алды. 

«Өкінішке қарай, Олимпиадада 2-орын алып қалдым. Бәсеке оңай болмады. Ешкім жеңілемін деп бармайды. Оны алғашқы айқасымда-ақ байқаған боларсыздар. Алайда чемпиондық атақ үшін ғана барған едім. Бұйырғаны күміс жүлде. Финалға дейін барып, сүрінген де қиын. Тек 1—2 күннен кейін ғана қабылдадым. Іште өкініш болғанымен, бұл сәт мені одан әрі жігерлендіреді. Келесі Олимпиадада қазақ елін қуантып, чемпион атану үшін барымды саламын. Енді 1-2 ай тынығып, алдағы Әлем, Азия чемпионаттарына дайындаламыз». 

Нұрбек осыған дейін Париж шаршы рингінде Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы), Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзірбайжан), Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия) басым түсіп, финалдық тартысты жекпе-жекте Украина өкілі Александр Хижнякқа есе жіберді. 

80 КЕЛІ САЛМАҚТА БҰҒАН ДЕЙІН КІМДЕР ЖҮЛДЕ АЛҒАН? 

Рио Олимпиадасы. 

Әділбек Ниязымбетов (күміс жүлде) 

Лондон Олимпиадасы. 

Әділбек Ниязымбетов (күміс жүлде)

Бейжің Олимпиадасы 

Еркебұлан Шынәлиев (қола жүлде)

Атланта Олимпиадасы 

Василий Жиров (чемпион) 

Қазақстан ерлер құрамасы 7 салмақта да спортшыларын қосып, тек Нұрбек Оралбай ғана жүлдегерлердің қатарына кіре алды.