«Алла сақтасын...»: Сәкен Бибосынов бокстан қашан кететінін айтты

Дастан Кенжалин

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов әлеуметтік желіде әлдекімдердің өзіне қатысты жариялаған жалған ақпаратына жауап берді, деп хабарлады Ulyssport.kz.

Тұрар Қазанғапов

Еске салсақ, бұған дейін интернет-ресурста оның ұлттық құрама команданың бұрынғы бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың соңынан бокс қолғабын шегеге ілетіні туралы ақпарат тараған болатын.

Осыған байланысты Олимпия ойындарының жүлдегері және екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Instagramда рингтен кетпейтінін айтты.

МЫНАУ СӨЗ –ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді?! Мынау сөз – жалған ақпарат. Мен боксты қойған жоқпын, - деді ол Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Қазақстан бокс федерациясы бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановты бүкіл бапкерлік штабпен бірге қызметтен босатқан болатын. Ал, Айтжанов – Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы.

АЙТЖАНОВТЫҢ ОРНЫНА СӘТЖАНОВ КЕЛДІ

Қазір Айтжановтың орнына Бокс федерациясы Туризм және спорт министрлігімен келісе отырып, Қайрат Сатжановты ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы етіп тағайындады.

Ал Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңілді. Дусматов болса содан кейін Олимпия ойындарының екі дүркін чемпионы болып, Өзбекстанның бокс тарихында мұндай жетістікке жеткен алғашқы спортшы атанды.

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов Бибосынов туралы әлі ештеңе деген жоқ. Жақында қызметіне кіріскен бапкер қандай жоспары бар екенін ғана айтты.