Бокстан Қазақстан құрамасы жаңа бас жаттықтырушысына басты талап қойылды

Дастан Кенжалин

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбеков ұлттық құраманың жаңа бас жаттықтырушысына қойылған басты талапты айтты, деп хабарлады Ulyssport.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті

Ол Бокс федерациясының жиналасында Қайрат Сәтжановтың алдағы Олимпиялық циклге ұсынған жоспарын талқылағанын айтты.

Оның ұсынысы көңілімізден шықты. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша бас жаттықтырушыны ауыстырғанымызды білесіздер.

Біз жаңа бас жаттықтырушыға біріншіден, командада жеке шәкіртінің болмауын талап еттік. Екіншіден, шетелдік мамандармен жұмыс істеп, жасөспірім және жастар командаларына бірдей көңіл бөлу керектігін айттық, - деді Ділдәбеков.

СӘТЖАНОВТЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТКЕН

Париж Олимпиадасынан кейін Мырзағали Айтжанов бас жаттықтырушыныі қызметінен кетіп, оның орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын. 

2021 жылы Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен ұлттық құрама Сербияда өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен.

Қайрат Тұрсұнқанұлы Сәтжанов - 54 жаста. Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі. Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл.

2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарған.

2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы.