Өткен аптада жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің финалына дейін жеткен Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде 94-орынға көтеріліп, ТОП-100-ге кірді, деп хабарлады Ulyssport.kz.
ТЕННИСШІ БІРДЕН 199-САТЫҒА КӨТЕРІЛДІ
Бұрын 293-орында тұрған теннисші бірден 199 сатыға жоғарылап, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 48-ден 49-ға төмендеді.
Юлия Путинцева жекелей сында да 34-тен 31-ге көтеріліп, ТОП-30-ға қайта жақындады.
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орынын сақтап қалды.
Бұған дейін теннистен АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 турнирінде Юлия Путинцеваның әлемнің 2-ракеткасы америкалық Кори Гауфты жеңіп, сенсация жасағанын хабарлаған болатынбыз.