Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жақын арада АҚШ-та басталатын дәстүрлі US Open турниріне жаңа киіммен шығатын болды, деп хабарлады Ulyssport.kz.
КИІМДІ ЖАПОНИЯНЫҢ YONEX ФИРМАСЫ ТІККЕН
Бұл киімді Жапонияның Yonex компаниясы тіккен. Бұған дейін де ол Australian Open турнирінже Yonex фирмасының формасымен кортқа шыққан. Бірақ ол кезде теннисші сары жейдені таңдаған. Ал жаңа киімнің одан айырмашылығы, спортшының басынан бастап аяғына дейін формасы алқызыл түсті болады.
Жақында ол АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 турнирде үшінші айналымына шыға алмаған еді. Ол жарысты екінші айналымнан бастап, әлемнің 27-ракеткасы, канадалық, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі Лейла Фернандестен жеңіліп қалды. Бұл Рыбакинаның денсаулығына байланысты Париж Олимпиадасында қатысудан бас тартқаннан кейінгі алғашқы ойыны болатын.
Бүгін Юлия Путинцеваның әлемдік рейтингіде бірден ТОП-100-ге кіргені туралы да хабар шықты. Ол әлемдік рейтингіде 94-орынға көтеріліп, ТОП-100-ге кірді.