Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды ulyssport.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда Ролан Гаррос-2021 чемпионы, чех қызы Барбора Крейчиковамен ойнады.
Елена Рыбакина 6:3, 3:6, 4:6 есебімен жеңілді.
Қазақстандық теннисші матч кезінде 8 эйс орындап, 3 қос қателік жасады.
Енді Чехия теннисшісі турнирдің финалында Италия спортшысы Ясмин Паолинимен ойнайды.