Қайтпайтын тұмарлы балуан – Демеу Жадраевтың бала кезде күрескен видеосы пайда болды

Редакция Ulyssport

Париж Олимпиадасының күміс медаль иелері Демеу Жадыраевтың бала кезде Бішкекте күрескен видеосы тарады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

скриншот

– 2001 жыл. РУОРДЫҢ 30 жылдығына арналған Бішкек турнирі. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де. Кілемде Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері қазақстандық Демеу Жадраев бар, – деп жазды қырғызстандық спорт журналисі Тахир Ғафуров.

Еске сала кетейік, грек-рим күресінен 77 келідегі ұлттық құраманың мүшесі Демеу Жадыраев Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленген еді. Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Нао Кусакамен күресіп, 2:5 есебімен есе жіберді.