Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҚР ҰОК

Қазақстан спортшысы 11 жасқа дейінгі спортшылар қатарында үздік атанды.

Дания төрт ойын өткізіп, төрт ретінде де жеңіске жетті. Қазақстан спортшысы Катя Пандеден (Үндістан) 3:2, Хуана Моралес (Колумбия) 3:0, Петра Липовскак (Хорватия) 3:0, Доминика Чарнецкиді (Польша) 3:0 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, бұған дейін үстел теннисінен Қазақстан Кубогының жеңімпаздары белгілі болған  еді.