Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында жасөспірімдер арасында "Уимблдон" турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабаралйды Ulyssport.kz.
Қазақстандық жұп екінші айналымда словакиялық Рената Ямрихова мен жапониялық Эни Койкеге қарсы шықты.
Бірінші партияда Арыстанбекова/Жиенбаева жұбы 6:2 есебімен басымдық танытса, екінші сетте қарсыластар қарымта қайтарды. Ал супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6.
Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жартылай финалға шығу үшін Джули Пастикова (Чехия)/Юлия Штузек (Германия) жұбымен кездеседі.