UFC жартылай орта салмақтағы чемпионы Біләл Мұхаммед Камару Усман мен Шавкат Рахмановтың қайсыс өзіне қауіпті қарсылас екенін айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы Liveresult.ru-ға сілтеме жасап.
Мұхамет Усман оған қиын қарсылас болып көрінетінін атап өтті, өйткені ол ұзақ уақыт бойы ең жоғары деңгейде төбелесіп келе жатқан жауынгер.
– Оның жауынгерлік интеллектісі спорттағы көп адамға қарағанда жоғары. Оның жекпе-жек IQ-і маған жақын, сондықтан онымен жекпе-жек маған қиынырақ болар еді, - деді спортшы mmanews.com-ға.
Еске сала кетейік, Мұхамет UFC 304 турнирінде өз титулын жеңіп алған. Ол осы шілдеде Леон Эдвардсты төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңді.
Мұның алдында UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты жекпе-жекте жеңетініне сенімді екенін хабарлаған едік.