Таразда әлем жұлдыздарының қатысуымен күрестен халықаралық турнир өтеді

Редакция Ulyssport

Таразда әлем жұлдыздарының қатысуымен күрестен халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

27 қыркүйекте Таразда WrestlingStars халықаралық турнирі ұйымдастырылады, деп хабарлады ҰОК. 

– Алдын ала ақпарат бойынша, Тараз кілемінде Азия чемпионы Санжар Досжанов пен ел чемпионы Мейіржан Аширов бастаған спортшылар өнер көрсетеді.  Турнирге қатыса алатын спортшылардың арасында 2023 жылғы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан бар. Сондай-ақ, жарысқа әлемдік күрес жұлдызы, Италиядан келген екі дүркін әлем чемпионы Фрэнк Чамизо қатысады, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан күрестен әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алған болатын.