Қазақ балуандары әлем чемпионатында екі медаль ұтып алды

Редакция Ulyssport

Испанияда өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

55 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков үшінші орын үшін белдесуде Максим Смирновты (Молдова) 10:1 есебімен ұтты. 

Сондай-ақ, 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Темірлан Тұрдақын үшінші орынға ие болды. Кіші финалда ол Армениядан келген Рубен Геворгианды 3-1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан күрестен әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алған болатын.