Ақмарал Науатбек дзюдодан Паралимпиаданың финалына өтті

Редакция Ulyssport

Франция астанасы Парижде 2024 жылғы Паралимпиада ойындары жалғасуда. Бүгін қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбек финалға шықты, деп жазады Ulys Sport порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

ҰОК

J2 санаты бойынша дзюдодан 48 келі салмақта сынға түскен Ақмарал жартылай финалда түркиялық қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. 

Финалдық белдесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.