×

Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада финалына шығып, Азия рекордын жаңартты

Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

05.09.2024, 18:25
Туризм және спорт министрлігі

Нұрдәулет Жұмағали 100 метр қашықтықта SB13  санатында браспен жүзіп, іріктеу кезеңінде 1:05.11 нәтижесімен бірінші болып финалға шықты.

Сонымен қатар, Нұрдәулет Азия рекордын жаңартты.

Бұған дейін Әмір Мұратбеков Париждегі Паралимпиада ойындарының финалына өткен болатын.

Бір күн бұрын Дэвид Дегтярев 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Новости партнеров