Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде еркін күрес шеберлері жарысты бастайды, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы Olympic.kz-ге сілтеме жасап.
Бүгін бозкілемге шығатын спортшылар арасында әлем чемпионы, қазақстандық Ризабек Айтмұхан да бар.
Ризабек жарысты 1/8 айналымнан бастайды. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы - ирандық Абдулфаазл Бабалу.
Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 92 келіде әлем чемпионы атанып, кейін олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысты.