Балуан Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Редакция Ulyssport

Еркін күрестен балуан Ризабек Айтмұхан Испанияда өткен U20 әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

Ширек финалда Ризабек Николаос Караваностан (Грекия) басым түсті. Айтмұхан елеулі проблемаларға тап болған жоқ. Ол бірден артықшылыққа ие болды және үзіліске дейін 8-0 есебімен алға шықты.

– Нәтижесінде Ризабек тағы бір жекпе-жекте жеңіске жетті. Есеп: 12-1. Айта кетейік, 1/8-де қазақстандық балуан Аболфази Бабалудан (Иран) 12-1 есебімен жеңді. Жартылай финал бүгін, 6 қыркүйекте өтеді, - деп хабарлады ҰОК. 

Бұған дейін қазақстандық кикбоксшылар Будапештте әлем чемпионы атанған болатын.