Қазақстан Парижде жетінші медалін жеңіп алды

Гүлнұр Қуанышбекқызы

Ерғали Шамей XVII жазғы Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

Ерғали Шамей J1 санатында 73 келіге дейінгі салмақта белдесіп, финалда румыниялық Александру Бологоға есе жіберді.

Бұған дейін 

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Еске салайық бұған дейін Давид Дегтярев Париж төрінде алтыннан алқа таққан. Ол осылайша Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Дәл қазір Қазақстан қоржынында екі алтын, үш  күміс және екі қола медаль бар.