Б лигасының үшінші тобының ойыны Алматыда өтті. Қазақстан құрамасы Норвегия құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бірінші тайм қонақтардың толық басымдығымен өтті, олар допқа көп иелік етті, ал Феликс Мюр қақпа бағанына до тигізгенімен, бірақ есеп ашылмады. Ойынның екінші жартысында ештеңе өзгерген жоқ.
Ойынның қорытындысы: 0: 0 – Алматыда айқын фаворит жеңіске жете алмады.
6 қыркүйекте екінші тур аясында Қазақстан Словениямен қонақта кездеседі, ал Норвегия Австрияны өз үйінде қабылдайды.
Ұлттар Лигасының барлық ойындары осы күзде өтеді:
10 Қазан, 23:45, Австрия – Қазақстан
13 қазан, 18:00, Қазақстан-Словения
14 қараша, 20:00, Қазақстан – Австрия
17 қараша, 22:00, Норвегия – Қазақстан
Топтың жеңімпазы А Лигасына шығады, екінші және үшінші орын С лигасының құрамаларымен ойнайды, төртінші орын С Лигасына түседі.