Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақта Понтеведрада (Испания) өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, финалға шығу үшін жекпе-жекте қазақстандық балуан Джастин ли Радемахерді жеңді.
Айтмұхан 9-1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Финалдық белдесу ертең 7 қыркүйекте өтеді.
Айта кетейік Ризабек Айтмұхан тәуелсіз Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы.