Ризабек Айтмұхан – жастар арасындағы әлем чемпионы!

Редакция Ulyssport

Жерлесіміз Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
 

Olympic.kz.

97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті. 

Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.