Аударыспақтан Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына шықты

Редакция Ulyssport

Дүйсенбі, 9 қыркүйекте Қазақстандағы Дүниежүзілік көшпенділердің ойындары аясында аударыспақтан жарыс басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Туризм және спорт министрлігі

Толығырақ 

Аударыспақтан Қазақстан құрамасының барлық қатысушылары финалға жолдама алды. Жарысқа тоғыз елден 64 спортшы қатысты: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.

Қазақстаннан финалға Ермек Құралбай, Алмат Латіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматилла, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев шықты.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 

Еске сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйекте өтеді. БКеш сән-салтанатпен ойындардың ашылу салтанаты өткізілді. Қазақстан құрамасынан 261 спортшы қатысады. Ойындар аясында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады. Медальдардың жалпы саны – 581.

Сәуір айының ортасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан бюджет шығыстарының қысқарғанын мәлімдеді. Сол тұста осы ойындарға бөлінген қаражат азайған.