Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға дайындықты пысықтау үшін соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, деп хабарлайды ulyssport.kz.
Алматы облысында өтетін жиында бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдық танытуда.
Қазіргі жиында 28 боксшы болса, оның ішінде үш спортшы Олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова.
Тағы бір айта кетерлік жайт, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады.
Спарринг серіктестер:
50 келі. Гүлнар Тұрапбай
57 келі. Жайна Шекербекова
75 келі. Жасмин Қизатова
Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.